"Жасыл балабақша" жобасы аясында "Қыста, құстарды тамақтандырайық" тақырыбында "Әкелер мектебімен" шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. мейірімділікке, жанашырлыққа баулу. Жемсауыт жасау барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын, еңбекке деген қызығушылығын дамыту.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап “Балапан” МДҰ "Жасыл балабақша" пилоттық жобасы іске қосылды.
Пилоттық жобаның мақсаты: Балаларға экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және күнделікті өмірде экологиялық таза дағдыларды дамыту.
Алдын ала жасалған жылдық жоспар бойынша казіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Пилоттық жобаның жоспары бойынша қаңтар айында ұйымдастырылған “Гидропоника тәсілін қолданып түрлі көкөністер отырғызу"
Міндеттері:
Балалардың өсімдіктің өсуі мен дамуы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Өсімдіктерді өсірудің дәстүрлі емес тәсілдерімен таныстыру.
Су, жарық, жылудың өсімдік тіршілігіндегі рөлін түсіндіру.
Зерттеушілік дағдыларды (бақылау, салыстыру) дамыту.
Табиғатқа ұқыпты, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.








